Салонда 19 жолаушы болған
Қытайда автобус жүргізушісінің ұстамасы ұстап, рөлді еріксіз жібере салғаны видеоға түсіп қалды. Көлік қатты жылдамдықпен келе жатқан.
Оқиға 18 наурыз күні Сишуанбаньна-Дай автономды округінде болды, деп жазды sputniknews.kz. Салондағы бақылау камерасынан жүргізушінің денесі құрысып, автобусты жүргізуге шамасы келмей қалғаны көрінеді.
Салонда 19 жолаушы болған – барлығы дүрліге бастайды, олардың бірі рөлді ұстап, көлікті тоқтатқан.