Үйлену тойының қонақтары Нью-Делидегі бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде ойран салды.
Желіде төбелестің видеожазбасы жарияланды. Видеода адамдар даяшыларға шабуылдап, оларды ұрып-соғып жатқаны көрінеді.
Әйелдер айқайға басып, бүлік салған мастарды тоқтатуға тырысады, алайда олардың мұнысынан түк шықпаған, деп жазды Sputnik Өзбекстан.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, адамдардың озбырлық әрекетіне некеге отыру салтанатын жүргізушінің тамақтың суып қалғанына шағымдануы себеп болған.
Салдарынан қонақтар ыдыс-аяқты сындырып, даяшылармен төбелесті.