Барнаул қаласының әкімі көзілдіріктің орнына бетперде тақты

06.08.2020 17:06

Қолында не барын байқамады

стоп-кадр

Ресейдің Барнаул қаласының әкімі Владислав Франк көзілдіріктің орнына бетперде тағуға тырысты. Видео «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде «Барнаул оқиғасы» тобында жарияланды, деп хабарлайды ria.ru.

Күрделі жөндеу тақырыбы бойынша әріптестерімен сөйлескен шенеунік қолына бір реттік пайдалануға арналған медициналық бетперде ұстап, көзілдірігін кигісі келді. Бірақ қолында не барын байқамады. Ақыры соңында ол көзіне бетпердесін тақты.

Әкім бұл оқиғаға күлімсіреп жауап берді.

Ресейдің көптеген аймақтарында COVID-19 жағдайына байланысты маска режимі енгізілген.