Мирзиеев әлеуметтік желілерді бұғаттаған шенеунікті жазалады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілетінін мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Узкомназорат» басшысы Голибшер Зияев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша, республикадағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталғаннан бірнеше сағат өткен соң, «қате және келісілмеген әрекеті үшін» қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілетінін мәлімдеді.

Мирзиеев елдегі әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу туралы шешімді «біржақты және ойластырылмаған» деп атады.

Басылым мәліметінше, Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция («Узкомназорат») тізілімінде Telegram, Facebook, Одноклассники, YouTube және басқа сайттарға кіруді шектеу туралы белгілер жойылған.

Новости партнеров