Ким Чен Ынның Ресейге келген сәтін Приморья губернаторы Олег Кожемяко Instagram парақшасына жариялады.
Кадрдан КХДР басшысының брондалған пойыздан қара плащпен түсіп келе жатқанын көруге болады. Ким Чен Ын «Хасан» шекара стансасына тоқтады.
Стансаға Кожемякодан бөлек Таяу Шығыстың даму министрі мен Арктиканың министрі Александр Козлов келді.
«Ресейге алғаш рет Ким Чен Ын келді. Оның әкесі Ким Чен Ир, атасы Ким Ир Сен де осы пойызбен жүрген. Солтүстік Корея басшысы Ресейге бұдан кейін де Ресейге келуге ниетті екенін айтты», - деп жазды Кожемяко.
Приморья губернаторы парақшасына Ким Чен Ынды шығарып салған сәтін де жүктеді.
Ким Чен Ын Ресейге Владимир Путинмен кездесуге келді. Кездесу 25 сәуірге жоспарланған.