Қытайда 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Дэлинха қаласында 90 мыңға жуық адам тұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Дэлинха қаласында 5,4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қытайдың сейсмологиялық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері бүгін тіркелді және оның ошағы 10 км тереңдікте болған. Дэлинха қаласында 90 мыңға жуық адам тұрады. Әзірге табиғат апатынан зардап шеккендер мен қираған мүліктер туралы ақпарат түскен жоқ. Цинхай провинциясы Цинхай-Тибет үстіртінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және белгілі бір жүйелілікпен жер сілкінісі болатын сейсмикалық аймақ.

Новости партнеров