Әйел пәтерін жөндеймін деп «мүгедек» болып қалды – қылмыстық іс қозғалды (видео)

Лизан Исакова бірнеше жыл бойы көзі көрмейтінін айтып, төсек тартып жатқан. Өзіне тиісті көмек көрсетілмейтініне шағымданыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қайырымдылық қорлары мен қала билігі Грозный қаласы тұрғынының пәтерін жөндеп, жаңа жиһаз сатып алып берген. Бес жыл бойы әйелдің көмекке мұқтаж екеніне ешкім күмән келтірмеді.

Уақыт өте келе әйел ұлына бөлек пәтер сұрай бастапты. Ол да мүгедек екенін айтқан. Алайда көршілері бір шикілікті сезіп, полицияға хабарласқан. Олар әйелдің үйде жүргенін естіп, терезеден қарап тұрғанын  жиі көрсе керек. Тәртіп сақшылары үйге жасырын камера орнатты. Көршілерінің айтқаны расталды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Бұдан бөлек, Исаковада диагнозын растайтын бірде-бір құжаттың жоқ екені анықталды. Шешенстан астанасының тұрғыны тиісті қағазды дәрігерлердің бермей отырғанын айтып ақталмақ болған.

Оқиғаға қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Новости партнеров