Таиландта туристердің өлім жазасына кесілуі мүмкін екені ескертілді

Таиландта туристердің өлім жазасына кесілуі мүмкін екені ескертілді
Әуежай басшылығының сөзінше, суретке түскен адамдар ұшқыштарды алаңдатып, апаттық жағдай туғызуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таиландтың Пхукет аралындағы Май Кхао жағажайы - жақын маңда орналасқан әуежай үшін кең танымалдыққа ие. Мұнда туристердің дені әуеге көтеріліп бара жатқан ұшақпен селиф жасау үшін келеді. Алайда таяуда бұл заңсыз болмақ.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vokrugsveta.ua сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық Пхукет әуежайының әкімшілігі туристерді Май Кхао жағажайында селфи жасамауға шақырды. Себебі бұл ұшақты қондырғалы жатқан ұшқыштарға кедергі келтіреді, дейді әуежай өкілдері.

Әуежай басшысының орынбасары Вичит Каотайтиам жағажайдың үстінен ұшақ ұшып өтетін бөлігі жабылатынын хабарлаған. Жақын уақытта бұл аумаққа қоршау орнатылады.  Алайда мұндағы ең бастысы селиф жасағаны үшін берілетін жаза болып отыр. Тәртіп бұзғандарға айыппұл салынып қана қоймай, максималды шара ретінде өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Әуежай басшылығының сөзінше, суретке түскен адамдар ұшқыштарды алаңдатып, апаттық жағдай туғызуы мүмкін.

Ал Пхукет тұрғындары мұндай тыйымды жөнсіз деп санап, аталған қатаң жазадан бас тартуға шақыруда. Олардың сөзінше, мұндай өзгеріс туристердің санын азайтып, жергілікті шағын бизнеске кері әсер етеді.


Новости партнеров