6 адам хабар-ошарсыз кетті
Италияда сүңгуірлер британдық кәсіпкерге тиесілі Bayesian яхтасының 5 жолаушысының мәйітін тауып, жағаға шығарды. Барлығы 6 адам хабар-ошарсыз кеткен еді, соңғы адамның денесін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні таңертең дауыл салдарынан яхта Сицилия жағалауында суға батып кетті.
Апаттан кейін іздеу-құтқару жұмыстары кезінде 15 адам құтқарылды, оның ішінде 1 жасар бала бар.
Дүйсенбі күні кеме аспазы Рикальдо Томастың денесі табылды. 6 адам хабар-ошарсыз кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың барлығы батып кеткен яхтаның ішінде болған.
Табылған 5 мәйіттің жеке басы туралы деректер әлі жасырын. Италия заңы бойынша қаза тапқан адамды отбасы мүшесі анықтаған соң ғана ол туралы ақпарат БАҚ-қа беріледі.
Айта кетерлігі, суға батып кеткен 6 адам - 59 жастағы британдық миллиардер Майк Линч, оның 18 жастағы қызы Ханна; сондай-ақ екі ерлі-зайыпты - Morgan Stanley International директорлар кеңесінің басшысы Джонатан Блумер әйелі Джудимен және адвокат Крис Морвилло әйелі Недамен суға батқан.
Олардың біреуінің денесі әлі табылған жоқ.
Оқи отырыңыз: Өнеркәсіп министрлігі тұрғындарға көмірді ертерек сатып алуға шақырады