Қабылан 5 жасар қызды анасының көзінше өлтіріп тастады

Қабылан 5 жасар қызды анасының көзінше өлтіріп тастады
Анасымен малға беретін жүгері теруге барғанда қабылан шабуылдаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанның Махараштра штатында қабылан 5 жасар қызды өлтіріп тастады.

Бүлдіршін анасымен бірге Сакори ауылында әжесінің үйіне қонаққа келеді. Ауыл Пунадан 75 шақырым қашықтықта. Үшеуі малға беретін жүгері теруге барғанда қабылан шабуылдайды. Қабылан қыз балға тап берді. Оны мойнынан тістеп алып кетті.

Шаруалар балаға араша түсті. Жыртқышты таспен ұрып қумақ болды. Қыз баланы ауруханаға апарғанымен, дәрігерлер оның мерт болғанын айтты. Билік ата-анасына 1,5 млн рупий төлейтін болды.

Келесі күні жыртқыш ауыл сыртында құрылған тұзаққа түсіп қалды. Жергілікті тұрғындар ит пен малдарға шабатын тағы 3-4 қабыланнан барын айтады.

Бірнеше ай бұрын жыртқыш мотоциклде атасымен кетіп бара жатқан студентке шабуылдаған. Бойжеткен бірнеше жерінен жарақат алып ауруханаға түсті.

Профилактикалық шара ретінде түнгі уақытта орманшылар күзетке шығады.


Новости партнеров