Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының бақылау-өткізу пунктінде бомба жарылып, салдарынан үш адам мерт болып, тағы 20 адам жарақат алды. Бұл туралы жексенбі күні Пәкістанның ІІМ лаңкестікке қарсы депаратменті мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мотоцикл мінген ер адам бақылау-өткізу пунктінде полиция көлігін қағып кеткен. Көлік құралына орнатылған бомба соққы кезінде жарылған. Телеарна атап өткендей, зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері және инженерлік-саперлік бөлімше болған оқиғаны тексеру үшін жарылыс болған жерге барды.