Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Яань қаласында жер сілкініп, 4 адам қайтыс болды және 14-і жарақаттанды. Бұл туралы апат салдарын жою жөніндегі қалалық штаб мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,1, ал эпиорталығы 17 шақырым тереңдікте болған. Артынша қатарынан бірнеше мәрте афтершок тіркелген. Ғимараттардың көбі қирап, қалада іздеу-құтқару операциясы басталды.
Айта кетсек, 2008 жылы осы Сычуань аймағында жер қатты сілкініп, 90 мың адамның өмірін қиған.