АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады

22.01.2025 09:25

Д.Трамптың бұл шешіміне ДДҰ ұйымын реформалау жүргізілмегені және АҚШ-тан өзге елдермен салыстырғанда көп қаржы талап етілетіні себеп болып отыр

Online Marketing/unsplash.com/

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақ үй жариялаған құжатта бұл Д.Трамптың ДДҰ-дан шығу үшін жасаған екінші қадамы екені айтылған. Алғашында 2020 жылы шықпақшы болған, бірақ президенттік сайлауда демократ Джозеф Байден жеңіске жетіп, бастама аяқсыз қалған еді.

Д.Трамптың бұл шешіміне ДДҰ ұйымын реформалау жүргізілмегені және АҚШ-тан өзге елдермен салыстырғанда көп қаржы талап етілетіні себеп болып отыр.

Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында 1200-ден астам көлік кептелісте қалды