АҚШ әуежайында екі жолаушы ұшағы соқтығысты

06.02.2025 08:38

Оқиғаға байланысты FAA әуежайдағы кейбір рейстерді уақытша тоқтатты

Suhyeon Choi/unsplash.com/

АҚШ-тың Сиэтл/Такома халықаралық әуежайында Japan Airlines ұшағы Delta Air Lines ұшағына соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әуежай Вашингтон штатында, Сиэтл мен Такома қалаларының арасында орналасқан. Ол - Сиэтл қаласының орталығынан оңтүстікке қарай шамамен 23 шақырым жерде орналасқан және Тынық мұхитының солтүстік-батыс аймағындағы ең үлкен әуежай.

Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) басылымға ұшақтардың әуе қозғалысын басқару органдары бақылай алмайтын аймақта болғанын хабарлады.

Оқиғаға байланысты FAA әуежайдағы кейбір рейстерді уақытша тоқтатты.

Агенттік оқиғаны тергеуді жалғастыратынын айтты.

Ақпарат толықтырылып жатыр...

Оқи отырыңыз: Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебіне қатысты сарапшы пікірі қандай