Виктория штатының премьер-министрі Хасинта Алланның айтуынша, бұл шешім жан-жақты әрі мұқият бағалаудан кейін қабылданған
Аустралияның Виктория штатында билік 700-ден астам коаланы тікұшақтан атуға рұқсат берді. Бұл шешім зооқорғаушылар мен кейбір саясаткерлердің ашу-ызасын тудырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
АЗЕРТАДЖ шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлағандай, билік өкілдері бұл шешімді мәжбүрлі шара ретінде түсіндіріп отыр. Себебі наурыз айында болған өрт салдарынан коалалар шамамен 2 000 гектар өсімдіктер жамылғысынан айырылып, олардың табиғи тіршілік ортасы, азығы мен суы жойылған.
Виктория штатының премьер-министрі Хасинта Алланның айтуынша, бұл шешім жан-жақты әрі мұқият бағалаудан кейін қабылданған. Алайда зооқорғаушылар бұл шарамен келіспейтінін білдірді.
Коалаларды құтқару қауымдастығының президенті Джесс Робертсон коалаларды тікұшақтан атып өлтіру олардың жағдайын дұрыс бағалауға мүмкіндік бермейді деп есептейді. Оның пікірінше, бұл мәселені шешудің әлдеқайда оңтайлы жолдары бар.
Сонымен қатар, көптеген депутат коалалар 2022 жылдан бастап жойылып бара жатқан түрлер тізіміне енгізілгенін еске салды.
Оқи отырыңыз: Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды