Екі автобус соқтығысқан: жол апатынан 37 адам қаза тапты

02.03.2025 12:21

Апаттың себептері әлі анықталған жоқ

© Fiscalía General del Estado - Bolivia

Боливияның оңтүстігінде екі автобустың соқтығысуы салдарынан 37 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы жергілікті El País басылымы хабарлады.

«Жол-көлік апаты салдарынан 37-ге жуық адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілді», - деді Уюини қаласындағы шекара полициясының командирі Уилсон Флорес.

Басылым хабарлауынша, автобустардың бірі тұзды алқапқа жақын орналасқан Уюиниден карнавал өтіп жатқан Оруро қаласына бара жатқан.

Апаттың себептері әлі анықталған жоқ.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында 33 жолаушысы бар автобус жүк көлігімен соқтығысқан