Қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылады

elements.envato.com
elements.envato.com

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылатынын жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп жазылған ҚР ҚМ МКД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Еліміздің оңтүстігінде өрмекшінің екі жаңа түрі пайда болды

Новости партнеров