Апат салдарынан 100-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен
Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-батысында шағын кеме апатқа ұшырап, соның салдарынан 148 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
The Guardian басылымының жазуынша, 100-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Ақпаратқа сәйкес, 500-ге жуық адам мінген кемеде алдымен өрт шығып, артынша суға батып кеткен.
Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, HB Kongolo кемесі Матанкум портынан шығып, Конго өзенімен Боломба қаласына қарай жүзіп бара жатқан. Алайда жолаушыларға тамақ әзірленетін ас үйден өрт шыққан. Кеме кейін суға батып кетті.
«Бірнеше жолаушы, оның ішінде әйелдер мен балалар суға секіріп кеткен соң қайтыс болған», - деп жазады басылым.
Ал тірі қалғандардың көбі ауыр күйік алған.
Конго ДР билігі Қызыл Крест ұйымымен бірге жоғалғандарды іздеуді жалғастырып жатыр.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында балалар отырған автобус аударылып, жаттықтырушы қаза тапты