Оңтүстік Кореяда оқушы санының азаюына байланысты мектептер жабылуы мүмкін

Фото: cn.yna.co.kr
Фото: cn.yna.co.kr

2020 жылдан былтырға дейін елде 137 мектеп жабылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік Кореяда төмен туу деңгейіне байланысты бастауыш сынып оқушыларының саны азайып, 2025 оқу жылында 49 мектептің жабылуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея Ұлттық Жиналысының Білім беру комитетінің депутаты Ким Дэ Шиктің 28 ақпанда жариялаған Білім министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 оқу жылында бастауыш сыныптың бірінші сыныбына қабылданатын оқушылар саны 356 258 болады. Бұл — 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,8%-ға төмен. 

Сарапшылардың пікірінше, туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты алдағы жылдары көптеген мектепті біріктіру немесе жабу процесі жалғасуы мүмкін. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Оңтүстік Кореяда туу көрсеткіші 2004 жылғы 476 958 баладан 2024 жылы 238 300 балаға дейін екі есе азайды. 

Өңірлер бойынша туу көрсеткішінің ең көп төмендеуі Чоллабук-до (-60,6%), Кванджу (-59,3%) және Сеул (-58,3%) қалаларында байқалды. 

Осы демографиялық өзгерістерге байланысты 2025 жылы елдегі 49 мектептің жабылуы жоспарланып отыр. 2020 жылдан былтырға дейін елде 137 мектеп жабылды.

Оқи отырыңыз: Оқу-ағарту министрлігі TikTok-ты шектеуге қатысты пікір білдірді

 

Новости партнеров