Оңтүстік Кореяда орман өртінен 24 адам қаза тапты

26.03.2025 15:52

Қазірге дейін 17 мың гектар жер жанып кетті

Yonhap

Оңтүстік Кореяда алапат орман өртінен 24 адам қаза болды. Олардың көбі 60-70 жас аралығындағы қариялар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

ВВС-дің жазуынша, 26 адам зардап шеккен, оның 12-сі ауыр халде жатыр. Билік 23 мың адамды қауіпсіз жерге көшірген.

Өрт өткен жұмада Санчхон ауданынан басталып, Ыйсон ауданына қарай жайылған. Ұлттық орман шаруашылығы институтының сарапшысы Ли Бён Дудың сөзінше, Ыйсондағы өрт көз ілеспес жылдымдықпен тарауда.

Тілсіз жауды ауыздықтауға мыңдаған өрт сөндірушілер, 5 мыңға жуық әскери қызметші, сондай-ақ Кореяда орналасқан АҚШ Қарулы Күштерінің тікұшақтары жұмылдырылған.

Қазірге дейін 17 мың гектар жер жанып кетті. Ыйсонда орналасқан біздің дәуірімізге дейінгі 618 жылы салынған үлкен Гоунса ғибадатханасы мен Чосон заманынан келе жатқан будда сәулет құрылысы күлге айналған.

Оқи отырыңыз: Риддерде әйелі мен күйеуін үйінде өлтіріп кетті