Солтүстік теңізде екі кеме соқтығысып, алапат өрт шықты

11.03.2025 16:51

Бүгінгі таңда екі кеменің соқтығысу себебі белгісіз

Фото: Getty Images

Британияның шығыс жағалауындағы  Солтүстік теңізде химиялық зат тиелген кеме әуеотыны бар танкерге соқтығысып, алапат өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жүк кемесіндегі экипаждың бір мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен.

Оқиға дүйсенбі күні таңертең сағат 10 шамасында болған. Crowley компаниясының Stena Immaculate америкалық танкері Кингстон-апон-Халл қаласы мен Гримсби портына жақын жерде тұрғанда оған Solong контейнерлік кемесі жақындаған.

Танкерде Jet A-1 реактивті отыны, ал Solong кемесінде 15 контейнер натрий цианидасы болған. Бұл химикат тірі ағзаларға, соның ішінде балықтарға қауіпті, ол қызған кезде қауіпті газдар бөлуі мүмкін.

Отынның бір бөлігі теңізге төгіліп кеткен. Әзірге жүк кемесіндегі зиянды заттардың теңізге түскені туралы ақпарат жоқ.

Дүйсенбі күні кешке екі кеме өртеніп жатты.

Бүгінгі таңда екі кеменің соқтығысу себебі белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Мұз жару: СҚО-да көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді