Студенттер отырған автобус апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

batimes.com.ar
batimes.com.ar

Жол апатынан сондай-ақ тағы 20 адам жарақат алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жұма күні Бразилияның оңтүстігінде университет студенттері мен оқытушылары мінген автобус жолдан шығып кетіп, соның салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты, сондай-ақ тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Xinhua агенттігінің жазуынша, бұл туралы жергілікті өрт сөндірушілер мәлімдеген.

Оқиға Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы Имигранти қаласындағы RSC-453 мемлекеттік тасжолында, Аргентина және Уругвай шекарасына жақын жерде болған.

«Автобуста Бразилияның жетекші мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі Санта-Мария федералды университетінің студенттері мен оқытушылары болған», - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Абай облысында 500-ден астам бала қажетті медициналық тексеруден өткізілмеген

Новости партнеров