Су астында 120 күн өмір сүрген ер адам рекорд жаңартты

Фото: Martin Bernetti/AFP/Getty Images
Фото: Martin Bernetti/AFP/Getty Images

Төрт камера Кохтың іс-қимылын бақылап отырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Германиялық ғарыш инженері Панамадағы су асты капсуласында 120 күн өмір сүріп, рекорд жаңартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

The Guardian басылымының жазуынша, 59 жастағы Рудигер Кох 11 метр тереңдікте орналасқан капсуладан 24 қаңтарда шыққан. Барлығы су астында ол 120 күн немесе 4 ай өткізген. Су астынан шыққан соң инженер шампан атып, Гиннестің рекордтар кітабының өкілдерінің қатысуымен атап өткен. Осылайша ол 2023 жылы су астында 100 күн өткізген Джозеф Дитуридің рекордын жаңартты. 

Рудигер Кох өмір сүрген капсула су астында жағалаудан шамамен 15 минуттық жерде орналасқан. Ауданы небәрі 30 шаршы метр, ішінде төсек пен жұмыс үстелі, интернет қосылған компьютер мен дәретхана бар. 

Капсула құбырлар мен саты арқылы жоғарыда орналасқан екінші ғимаратпен байланысқан. Оның шатырына күн батареясы орнатылған екен. Төрт камера Кохтың іс-қимылын бақылап отырған. Осылайша, ұйымдастырушылар оның күнделікті өмірін бейнеге жазып, бірде-бір рет сыртқа шықпағанын дәлелдеген. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды

Новости партнеров