Таиландта жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты

25.04.2025 11:40

Тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті

191 Emergency Centre

Таиландтың Пхетчабури провинциясында, Сиам шығанағына жақын маңда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл оқиға 19 сәуір күні таңғы 8:15 шамасында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақ Хуахин әуежайынан ұшып шығып, парашютпен секіруге арналған жаттығу рейсін орындау барысында құлаған. Апат Baby Grande Hua Hin қонақүйі маңында, жағажайға жақын аумақта болған.

Бортта болған алты адамның бесеуі оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.  DHC-6-400 Twin Otter үлгісіндегі ұшақтың нақты не себептен құлағаны әзірге белгісіз.

Жергілікті билік пен құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, апатқа қатысты тергеу бастады. 

Оқи отырыңыз: Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды