Қаза тапқандар арасында 11 әйел мен 5 бала бар
Үндістанның Нью-Дели қаласындағы теміржол вокзалындағы адам кептелісі салдарынан кем дешенде 18 адам, оның ішінде 11 әйел мен 5 бала қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады.
«Сенбі күні Нью-Делидегі теміржол вокзалында Праяградждағы Маха Кумбх (діни фестиваль) кезінде пойызға мінуге әрекеттенген жолаушылардың кептелісінен кем дегенде 18 адам, оның ішінде 11 әйел мен 5 бала қаза тауып, оннан астам адам жарақат алды», - деп жазады басылым.
NDTV телеарнасы елдің темір жол министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлағандай, Prayagraj экспресс пойызы жүрер сәтте теміржол платформасында адам көп болған. Сонымен бірге тағы екі пойыз - wantrata Senani Express және Bhubaneshwar Rajdhani Express пойыздарыкешігіп, № 12, 13 және 14 платформалары жолаушыға лық толып қалған.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуін тіледі.
Оқи отырыңыз: Малиде алтын кеніші опырылып, 48 адам қаза тапты