Вашингтонда өзеннен әскери тікұшақ қалдықтары табылды

07.02.2025 16:47

Құтқару қызметтері енді ұшақтың ұсақ фрагменттерін іздеуге көшті

Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі/ ҚазАқпарат

Потомак өзенінің құтқару экипажы өткен аптада ұшақпен соқтығысып апатқа ұшыраған «Black Hawk» әскери тікұшағының қалдықтарын шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ресми тұлғалардың хабарлауынша, ұшақ пен тікұшақтың барлық негізгі бөлшегі қайғылы оқиғаның себебін анықтау үшін сарапшылар мен тергеушілерге жіберілді. 

Құтқару қызметтері енді ұшақтың ұсақ фрагменттерін іздеуге көшті. Ол алдағы 10 күнге созылады. Ұлттық мұхит және атмосфера басқармасы суды лазермен  сканерлеу үшін ұшақ пайдаланады. 

Федералды авиация әкімшілігінің әуе қозғалысын басқару дирекциясы авиакомпания басшыларына әуежайға келетін ұшақтар санын сағатына 28-ден 26-ға қысқартуды ұсынды.

"Билік Потомак өзенінен барлығы 67 адамды алып шықты, оның 66-сының жеке басы анықталды. Медициналық сараптама кеңсесі соңғы құрбанды анықтаумен айналысып жатыр, - деп хабарлады NBC News. 

Оқи отырыңыз: Қарғын су: ШҚО-да жоғары дайындық режимі енгізілді