Вьетнамда есірткі саудасы үшін 27 адам өлім жазасына кесілді

28.12.2024 10:11

Тағы алты айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Photo by AFP

Вьетнам соты есірткі тасымалдағаны үшін 27 адамды өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Tuoi Tre басылымының жазуынша, жұма күні Хошимин халықтық прокуратурасы Камбоджадан Вьетнамға есірткі тасымалдайтын трансұлттық желінің 27 мүшесіне өлім жазасы кесілгенін хабарлады.

"Сот қылмыстық топтың басшысы Ву Хоанг Оан мен оның 26 ​​сыбайласын өлім жазасына кесті. Тағы алты айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылса, екеуі 20 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, 2018 жылдың наурызынан 2022 жылдың қарашасына дейін қылмыстық топ Камбоджадан Вьетнамға есірткі контрабандасымен айналысқан. Осы уақыт ішінде олар 626 келіден астам әртүрлі тыйым салынған затты тасымалдап үлгерген.

Айыпталушылар әр сапарында 50 келіге жуық есірткі тасымалдағанын мойындады. Барлығы 129 рейс орындаған.

Оқи отырыңыз: Ұшақ апаты: аман қалған Әзербайжанның 14 азаматы Бакуге аман-есен жетті