Алматыда ақпан айынан бері 250 659 адам COVID-19 вакцинасын алды

Almaty.tv.
Almaty.tv.
Бүгінгі таңда 214 вакцинация пункті жұмыс жасайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдың 9 мамыр  күнгі ақпарат бойынша коронавирус инфекциясының 570  жаңа жағдайы тіркелді, оның 467 симптомдық белгілері бар және 103 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін барлық емделіп шығарылған адам саны – 157, ал келіп түскені – 225 науқас.

Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 513 адам (оның ішінде 108 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  222.

ӨЖЖ – 29, инвазивті емес ӨЖЖ – 68, High flow-да 96 аппарат жұмыс істейді.  

4 480 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 3 889  науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 591 симптомсыз.

Қаладағы вакцинация жөнінде ақпарат

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1554 адам вакцина алды. 01.02.2021-09.05.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы  250 659 адам вакцинацияланды. Бүгінгі таңда 214 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 315 вакцинация бригадасында, 1 282 медицина қызметкерлері жұмылдырылды, сонымен қатар қалда  көшпелі мобильді бригадалар жұмыс істейді.


Новости партнеров