Қазақстанда 2 035 781 адам коронавирус вакцинасын салдырды

Фото: 365info.kz
Фото: 365info.kz
Ал вакцинаның екінші компонентін салдырғандар саны 973 873 адамды құрап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 26 мамырдағы жағдай бойынша, 2 035 781 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ал вакцинаның екінші компонентін салдырғандар саны 973 873 адамды құрап отыр. Айта кетейік, үкімет басшысы апта басында Үкімет отырысында вакциналау қарқынын арттыру қажеттігін айтқан болатын. Премьер-Министрдің айтуынша, вакцина қорларын толтыру, егу пункттерінің санын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Вакцинаның болу-болмауы бойынша ешқандай мәселе жоқ.

«Қазір егу науқанын кеңейту пандемиямен күресуде ең маңызды міндет болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырамын», – деді Асқар Мамин.



Новости партнеров