Алматыда бір тәулікте 4 124 адам КВИ екпесін алды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 683
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 9 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 8 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясыны жұқтырған 51 адам тіркелді (жергілікті), оның 46-ы симптомдық белгілері бар және 5-і симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 30, келіп түскені – 26.

Инфекциялық стационарларда (1 434 төсек-орын) жалпы саны 235 адам (оның ішінде 4 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 36.

ӨЖЖ – 9, инвазивті емес ӨЖЖ – 15, High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 504 науқас бақылауда, олардың ішінде 486 жеңіл және 6 орташа ауырлық дәрежесінде, симптомсыз 12 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 2 037 адам, 2-компонентті – 2 087 адам вакцинацияланды.

01.02.2021-08.12.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 050 167 адам, 2-компонентті – 982 251 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 683.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 19 567 адам, оның ішінде 1 154 жүкті әйелдер, 3 988 емізулі аналар және 14 425 балалар мен жасөспірімдер екпе алды.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров