А. Шыназбекова: Қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы – екпе алу

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл вакцинаны тек Қазақтан ғана емес, бүкіл әлем салып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеңіл атлетикадан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айгерім Шыназбекова қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Басында вакцинаға өзім де сенбедім. Себебі әртүрлі пікірлер жазылып, Instagram шулап жатқан. Уақыт өте келе ойымды өзгерттім. Бұл вакцинаны тек Қазақтан ғана емес, бүкіл әлем салып жатыр. Америка да ең үлкен державалар да салып жатыр. Өзіміздің қалыпты өмірімізге оралудың бір жолы – вакцина. Өйткені аурулардың көбін тек вакцинамен ғана емдейміз», –  деді А. Шыназбекова.

Новости партнеров