Балаларды вакциналау қауіпсіз және тиімді – А. Шарман

12.11.2021 23:36

Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман ревакцинациядан өтуді, сондай-ақ жасөспірімдерге екпе салуды ұсынады. Бұл туралы ол Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біз балалар қоғамның ең мобильді бөлігі екенін,олардың ересектермен де, құрдастарымен де байланыс жасайтынын, мектепке баратынын, сондықтан олдардың инфекцияның тасымалдаушы екенін түсінуге тиіспіз. Сондықтан көптеген елдерде балаларды вакциналау туралы шешім қабылданды. 2000-ден астам балаға жүргізілген клиникалық зерттеулер Pfizer вакцинасының қауіпсіз және тиімді екенін көрсетті», – деп сендірді А. Шарман.

А. Шарман барлық екпе иммунитетті өмір бойын қалыптастырмайтынын, кейбір инфекциялардан әрбір 5-10 жыл сайын, ал тұмау сияқтылардан жыл сайын екпе алу керектігін еске салды. Ревакцинация деген осы. Кейде «үдеткіш вакцина» термині қолданылады, яғни тағы бір қосымша.

«Уақыт өте келе вакцинаның әсері төмендейді, оның үстіне, COVID-19-дың жаңа штамдары пайда болады. Қайта егу жаңа коронавирус инфекцисының барлық штамдарынан қорғау үшін антиденелердің жеткілікті деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жақында Израильде кең ауқымды зерттеу жүргізілді, бұл вакцинациядан өткендердің барлық жас топтарында, әсіресе егде жастағы адамдарда иммундық жауап уақыт өте келе төмендегенін көрсетті. Сондықтан екпе салдырған соң 6 айдан кейін ревакцинацияны ұсынатын ғылыми негіздеме бар», – деді А. Шарман.

Вакцинаның үдеткіш дозасы туралы айта отырып, А. Шарман көптеген ғалымдар кросс-ревакцинацияны, яғни үшінші вакцинаны басқа препаратпен алуды ұсынады, бірақ бұл принципті емес.

«Денсаулық сақтау министрлігі вакциналарды араластыруды бір нұсқа ретінде қарастырады. Алдында салдырған екпемен қайта вакциналануға болатындығын ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен, мен өзім түрлі вакциналарды араластыру тиімді болады деп санаймын. Араластыру кезінде қандай да бір қарсы көрсетілімдер болған жоқ», – деді ғалым.