Наурызбай ауданында вакцинация қалай жүріп жатыр – тілші көзімен

Наурызбай ауданында вакцинация қалай жүріп жатыр – тілші көзімен
Наурызбай ауданында осы күнге дейін 20 мың адам вакцина салғызған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Коронавирус екпесін алған тұрғындар саны 300 мыңға жуықтады. Мәселен, бір ғана Наурызбай ауданында осы күнге дейін 20 мың адам вакцина салғызған. Ал мамандар індетті жеңудің жалғыз ғана жолы – жаппай екпе салғызу екенін ескертеді. Almaty.tv тілшісінің бейнематериалы.  

Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла ықшам ауданындағы №36 емхананың дәрігерлері екпе салғызуға келетіндер көп дейді. Тек бір пунктке түске дейін 70-тен астам адам келеді. Арасында жасы егде тартқандар да аз емес.

«Жас аралығына байланысты 18 жастан 45 жас аралығында 11 мыңнан аса адам келетін болса, 45 пен 65 жас аралығында 6,5 мыңға дейін, ал 65 жастан жоғары жастағы 1,5 дейін адам өтті, вакцина алды», – деді №36 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері  Оспанбек Құрманғали

Наурызбай ауданында 20 мыңнан астам адам вакцина алып үлгеріпті. Қала бойынша 296 мыңнан астам адам екпе салғызға, тәулік ішінде 2358 адам вакцина салғызыпты.

«Қазір заманымыз қиын болып бара жатыр. Вакцинаны алмай, мына індеттен құтыла алмаймыз. Алуымыз керек деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Қызғалдақ Тоқтыбаева.

«Жағдайым жақсы. Қазір шықтым екпе салдырып. Өзімді жақсы сезініп отырмын», – деді қала тұрғыны қала тұрғыны Асхат Әбдіраманов.

«№36 емханадан Спутник V вакцинасын алдым. Осы жапқтағы дәрігерлер денсаулығымды тексеріп қарады. Бәрі дұрыс», – деді қала тұрғыны Дамир Сәбитұлы.

Бүгінде қаланың медициналық ұйымдарында, мектептер мен мәдениет, спорт нысандарында, ірі сауда ойын-сауық орталықтарында 211 вакциналау  пункті бар. Мегаполисте бүгінде вакцинаның I-компонентінің 30 699  дозасы, II- компонентінің 53 279  дозасы қалыпты.

Сая Меңдеке, Нұрбол Әбдікерімов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров