Ұлттық мереке – халық көкейінде жақсы сезім ұялататыны хақ нәрсе

Ұлттық  мереке  – халық көкейінде жақсы сезім ұялататыны хақ нәрсе
Жаңалықтармен бөлісіңіз

13 жылдан кейін биыл тойланғалы жатқан Республика күні – мемлекет үшін ғана емес, әр отандасымыз үшін мәні зор ұлттық мереке.  Осылай деген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл айтулы күннің тарихи маңызына тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол мерекені асыға күтетінін айтты.

«25 қазан күнін біздің ұлттық Республика күні деп белгілегеніне өз басым ризамын. Өйткені Ұлттық деген нәрсе қашан да ұлт өкілдеріне, осы республикамыздың халқына, әрқайсының көкейінде, көңілінде жақсы бір сезім ұялатыны хақ нәрсе. Сондықтан халық үшін, ел үшін қуаныштымын», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл

Айта кетсек, 16 шілдеде Президент Қасмы-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынып, қыркүйектің ортасында Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізді.

«Студент кезімізде мерекені күтетінбіз. Енді бұйырса биылдан бастап керемет деңгейде өтеді деп ойлаймын. Сондықтан баршаңызға сәттілік, аман болайық», – деді  актер Қайрат Әділгерей.

Новости партнеров