Тәуелсіздік алған уақытта көзімізден жас шықты – Оразалы Сәбден

Тәуелсіздік алған уақытта көзімізден жас шықты – Оразалы Сәбден
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Тәуелсіздік алған уақытта көзімізден жас шықты». Осылай деген деді экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден 1990 жылдарды еске алды.

«1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы кеңестің депутаттары 360 адам егемендіктің декларациясын қабылдаған. Сол жерде биліктің үш тармағы жайлы айтылды. Президенттік атқарушы билік, парламенттің заң шығарушы билігі, сот билігі осындай негізгі қағидаттарды қабылдадық. Біздің Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз да сол уақытта қабылданды. Осыдан бастап Қазақстан әлемге жеке мемлекет болып шықты. Соны міне еске алып тұрмыз. Тәуелсіздік алған уақытта көзден жас шықты. Себебі ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігі», - деді экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.

Новости партнеров