Ерлан Біләл: Бұл күнді мәртебе тұтатынына сенімдімін

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

13 жыл аталмай кеткен Республика күні ұлттық мереке ретінде қайтып оралғанына ризашылығын білдірген ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл ел үшін қуанышты екенін жеткізді. Актер бұл күнді әр қазақ мәртебе тұтатынына сенімді.

«25 қазан қайта Республика күні деп белгілегеніне өз басым ризамын. Өйткені Ұлттық деген нәрсе қашан да ұлт өкілдеріне, осы республикамыздың халқына, әрқайсының көкейінде, көңілінде жақсы бір сезім ұялататыны хақ нәрсе. Сондықтан халық үшін, ел үшін қуаныштымын. Әр қалада, әр көшеде, әр үйде, әр халықтың өкілі бұл күнді мәртебе тұтатынына мен сенемін», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.

Новости партнеров