Әр нәрсе өз уақытында аталып өткені дұрыс - Мұрат Ахманов

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әр нәрсе өз уақытында аталып өткені дұрыс. Осылай деген  ҚР еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахманов қазақстандықтары Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Республика күні тойланатынына шын жүректен қуаныштымыз! Өзінің дәл уақытында аталып өткені дұрыс. Ұзағынан болсын! Халқымызды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Республикамыз ұстанған бағытымен әлемдегі бейбіт мемлекеттің бірі болып, жасай берсін» – деді ҚР еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахманов.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.

Новости партнеров