Алматыда «Қарашаңырақ-2021» жаңа қойылымдар фестивалі басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Тартысқа толы іс-шара 11 желтоқсанға дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры дәстүрлі «Қарашаңырақ-2021» жаңа қойылымдар фестивалін бастап кетті. Тартысқа толы іс-шара 11 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жаңа қойылымдардың шығармашылық сапасын, оның ішінде актерлердің табысты жұмысын анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқау әртістерге жаңа серпін беріп, көрермен мен театр арасындағы байланысты нығайтатыны сөзсіз, 

«Бұл фестиваль 1995 жылдан бастап өткізіліп келе жатыр. Ширек ғасырға жуық тарихы бар. 2019 жылдан бері  «Қарашаңырақ»  деп аталады. Бүгінгі таңда 5 спектакль бәйгеге түскелі отыр», – деді М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры директорының орынбасары Жалғас Толғанбай.

Дәстүрлі додаға түскен қойылымдар көшін Олжас Жанайдаровтың «Екеуміз» драмасы бастап, келген көрермендерді бір серпілтіп тастады. Жиналған жұртқа ерекше жанрдағы дыбыс пен динамикаға толы туындыны тарту етті. Қойылым көпшіліктің жақсы бағасын алды.

«Сахналық нұсқасын екі ай дайындадық. Төлен ағадан рұқсатын алып, сахнаға шығып дайындадық. Негізі, біздің театрда хоррор жанры жоқ. Сондықтан хоррор жанрынан бір шығарма болсын дедік», – деді М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының режиссері Алмат Шәріпов.

Новости партнеров