Тәуелсіздік күнтізбесі: 11 қарашада қандай тарихи шешімдер қабылданды

Almaty.tv
Almaty.tv
Егемендіктің 30 жылында республикамызда көптеген бастамалар қолға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1993 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен кадрларды даярлау және жетекші шетел университеттерімен тәжірибе алмасуды дамыту үшін «Болашақ» Мемлекеттік бағдарламасы құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Осылайша, егеменді еліміздің жастарына терең білім алуға мүмкіндік туды.

Ал осыдан 10 жыл бұрын елордада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 4 құрылтайы өтті. Бұл шараға барлық облыстардан делегаттар, қазақ қоғамдастығының шет елдердегі өкілдері де қатысты. Мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы, оның мәртебесін арттыру, сондай-ақ республикадағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланды.    

2006 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында көрнекті энциклопедияшы-ғалым, ағартушы және әдебиетші Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі бой көтерді. Кешенді кесене сары алтын түсті кірпішпен тұрғызылды. Осылайша, егемендік жылдарында тарихи тұлғалардың есімдері ұлықталды.  

Новости партнеров