«Қалжат» кеден бекетінде көліктік-логистикалық орталық ашылды

«Қалжат» кеден бекетінде көліктік-логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кедендік кедергілер қысқарып, тауар айналымы артпақ. «Қалжат» кеден бекетіндегі жаңа орталық өз жұмысын бастады. Жаңа жүйемен жұмыс істейтін көлік-логистикалық орталығы жемқорлыққа да жол бермейтін болады. «Бармақ басты, көз қыстының» кезеңі осымен тәмам, дейді мамандар.


¤Мына тізіліп тұрған жүк көліктері бұрынғыдай бекетте тәуіліктеп тұрмайды. Енді олар небәрі жарты сағаттың ішінде толықтай тексеруден өтіп, өз бағытымен кете береді. Құжаттық рәсімдердің барлығын тыңғылықты тексеруден  өткізу жұмыстарын «Қалжат» бекетінде ашылған жаңа орталық өз мойнына алады. Бас-аяғы 20 гектар аумақты алып жатқан жерден, әзірге күніне кем дегенде 150 көлік өткізіледі. Мамандар, алдағы уақытта мұны 500-ге жеткіземіз деп жоспарлап отыр. Оған қоса олар автоматтандырылған жүйе жең ұшымен жалғасқан жемқорлыққа жол бермейді, дегенді алға тартуда.


«Жемқорлыққа қарсы жаңадан технология енгізіп жатырмыз. Бұрын енді адам адаммен байланысты болып, келісіп алып ешнәрсеге қарамай өткізіп тастайтын. Енді қазіргі автоматты жүйемен байланысты. Біздің қызметкер оған қандай декларация тиетінін білмейді», - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары  Ғұсман АМРИН.


Міне, дәл осы құрылғы арқылы жүк көлігінің тиеп бара жатқан тауары толыққанды тексеріледі. Арнайы аппарт тіпті 1 грамм есіртікінің өтпеуін алдын-ала қадағалайды.


«Қазір қап алып кетіп бара жатқан көлік, Қазақстанға қауіпсіз зат алып кетіп бара жатқанына көзіміз жеткеннен кейін ғана күдіксіз деген жасыл мөрді басамыз. Транзиттік тауар болған жағдайдың өзінде осы рентген арқылы көріп, суретін бірге тіркеп рәсімдеу залына жібереміз», - деді «ҚАЛЖАТ» кеден бекетінің жетекші маманы Сәрсен АБДУЛЛАЕВ.


¤Бұдан бөлек, бұл бекетте бұған дейін екі қоймаға көліктердің ұзын-сонар кезегі болатын.  Енді қойма саны 20-ға жетіпті. Оған қоса, қызмет түрінің барлығы бір терезе негізінде жұмыс істеуге кіріскен. Бастысы - өткізілуге рұқсат етілетін өнімінің салмағы 30 тоннада аспаса болғаны.


«Иә, мына жерден рәсімдеп болды. Қазір Алматыға жүреді. Бұрын бір машинаға 63 минут уақыт береілетін. Қазір 20-25 минут», - деді кәсіпкер Жәнібек ЖАНДАРОВ.


¤Батыс Еуропа-Батыс Қытай бағытының қарқынды бет алысына көршілес Ресейлікте де шын қуануда. Өйткені, логистиканың шарықтап дамуы, оларға Қытай тауарларын біз арқылы жеткізілуі де жеңілдейтіні сөзсіз.


«Мәселен, Пекиннен Мәскеуге тауар 40 күнде жеткізілетін еді.  Уақыттың басым бөлігі осы жол мен кедендік рәсімдеуге кететін. Енді жаңа орталықтың арқасында Ресейге тасымалданатын тауар 20 күнде жететін болады», - деді

¤кәсіпкер Виталий КИРИЧ.


«Қалжат» бекетінде бой көтерген бұл орталықтың құрылысы екі жыл бойы жүргізілген. Кедендік орталықтың ашылуы үшін 10 миллиард теңге жұмсалыпты. Енді 2020 жылға дейін ел Үкіметі транзитік тасымалдауды 7 есеге арттыруға бекініп отыр.


Әйкерім Ердәулетқызы, Әсет Құндақбев, «Алматы телеарнасы


Новости партнеров