"ҚазСат - 2" спутнигін басқару мүмкін болмады.

"ҚазСат - 2" спутнигін басқару мүмкін болмады.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"ҚазСат - 2" спутнигін басқару мүмкін болмады. Кесірінен, байланыс операторлары мен телеарналар қызметі ақаумен жұмыс істеді. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ғарыш аппаратынан күтпеген жағдай орын алды деп мәлімдеді. Министрлік ақпарынша оқиға жергілікті уақытпен таңғы 8-де болған. Жалпы, Қазсат - 2-нің қызметіне 13 байланыс операторы мен телехабар жүгінеді. Қазір ғарыш байланысы орталығының қызметкерлері олқылықтың орнын толтыруда. Есте болса, ұқсас жағдай өткен жылдың маусым айында болды. Ол кездегі апат күннің аса белсенді болуынан делінген еді.

Новости партнеров