Түркістан облысында куәгерлер мас күйінде жүрген «молданы» камераға түсіріп алды (видео)

Түркістан облысында куәгерлер мас күйінде жүрген «молданы» камераға түсіріп алды (видео)
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы желіде тараған «мас күйдегі молдаға» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды stan.kz.

Куәгерлер көшеде діни қызметкер секілді киінген ер адамның мас күйінде кетіп бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алған. Ол өзін тәртіпсіз ұстап, дауыстап айғайлаған. Видеоға түсірушінің айтуынша, кадр Түркістан облысы Орбадасы ауданында түсірілген.

«Ер адам Діни басқарма қызметкері емес. Оның Түркістан облысындағы мешіттерге де қатысы жоқ. Оның киімі, басындағы шалмасы мүфтият бекіткен киім формасына сай емес. Шапан кигеннің бәрі молда емес», – деді Діни басқармадағылар.

Видеода ер адамның соңындағылардың «ақ тырна» деп айқайлағаны естіледі. Ел аузында дұрыс бағытта жүрмейтін емшілерді «ақ тырна» атап кеткен.

Новости партнеров