12-16 наурыз аралығында «Алматы» телеарнасынан көретіндеріңіз

12-16 наурыз аралығында «Алматы» телеарнасынан көретіндеріңіз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасы осы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 

Ерлі зайыптылар арасындағы тылсым сыр. Әпке мен сіңілі арасындағы өшпенділік. Ақ пен қараны ажырата алмаған қос тағдыр. «Уәде беремін» телехикаясы дүйсенбі-жұма күндері 17:30-да. 

Ең қарапайым  үйдегі... Ең қарапайым тұрғындардың өмірі. Оларды не біріктіреді? Көңілді "Көршілер". Дүйсенбі-бейсенбі 17:00-де «Алматы» телеарнасында. 

Бір анадан туса да, бірін - бірі жау көрген. Себебі, олар бір-бірінен айнымайтын мүлде бөлек жандар. Егіз ғұмыр! Соңғы бөлім! Бүгін 19:00-де «Алматы» арнасында. 


«Алтын ұя» атты отандық телехикая 13 наурыздан бастап, кешкі сағат 19:00-де көрерменге жол тартады. 

Аталмыш  кинотуындыда қазіргі бейбіт заманда өмір сүріп жатқан қазақстандық отбасылардың тұрмысы мен дәстүрі, қызметі мен кәсібі,  олардың қазақ даласына деген махаббаты мен кең байтақ еліміздің дамуына  қосқан үлестері туралы баяндалады. 

Айтып келмейтін апатты болжай аламыз ба? Тыныштық бұзылса қайтеміз? Таразылау бізден, байлам Сізден! «Байлам» сейсенбі 13 наурыз сағат 12.40-та. 

Бақыт қайда барасын? Татулық жоқ жерде сыйластық бола ма? «Жұмбақ тағдыр» таңдау өз қолыңда. Бейсенбі, 15 наурыз сағат 12:40-та.

Өмір өрнегі өзгеше өрілген өнер иесі. Өр мінезді, ерекше стильді әнші Айжан Нұрмағамбетованың  анасы алғаш рет эксклюзивті сұхбат береді. «Дидарласу» бағдарламасы жұма, 16 наурыз 12:40-та.  


Жексенбі, 18 наурыз сағат 12.30-да «Жастар қаласы» бағдарламасын көріңіздер! Бізде әзілде, әнде, кинода барлығы бар. 



Ұлы даланы ғасырлар бойы күйге бөлеп, әнмен тербеткен. Ұлағаты мол ұлттық музыка. «Інжу-маржан» жексенбі, 18 наурыз 15:20-да «Алматы» арнасында.


Новости партнеров