Екі ұшақ соқтығысып, ұшқыш қаза тапты

Екі ұшақ соқтығысып, ұшқыш қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Германияда Эркеленц-Кюкховен аэродромының маңында жеңіл моторлы екі ұшақ соқтығысып қалып, ұшқыш қаза болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  РИА Новостиге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ұшақтың бірі құлап, толықтай өртеніп кеткен. 70 жастағы ұшқыш оқиға орнында қаза болған. Ал екінші ұшақтағы 60 жастағы ұшқыш ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.  Төтенше жағдайдың себептері әзірше белгісіз.

Екі ұшқыштың да тәжірибесі мол екені және сол күні ауа райының жақсы болғаны айтылады.

Қазіргі уақытта полиция мен федералды қызметтегілер төтенше жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.


Новости партнеров