Ақтөбеде көз жұмған жүкті мұғалімді тұрғындар даладан тауып алған

Ақтөбеде көз жұмған жүкті мұғалімді тұрғындар даладан тауып алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде 30 жастағы мұғалім жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

11 қазан күні жеке мектептің 30 жастағы мұғалімі мерт болды, деп жазады Актобе Таймс.

Әйелді жаяу жүргіншілер ескерткіш жанында құлап жатқан жерінен тауып алды. Жүкті әйел Әлия Молдағұлова ескерткішінің маңында сәкіде жатқан. Бұл Ахмет Жұбанов атындағы университет маңы.

Дәрігерлер әйелдің жүктілігіне 36 апта болғанын хабарлады. Іші жарақаттанып, көкбауыры жарылған. Жүкті әйелдің өзі құлағаны, әлде әлдекімнің шабуылдағаны анықталады.


Новости партнеров