Samsung компаниясының өкілдері онкологиялық ауруға шалдыққан қызметкерлерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Компания басшысы Ким Ки Нам басшылықтың қатерлі ісік тудыруы мүмкін химикаттармен жұмыс істеудің қаупін ескермегені үшін кешірім сұрады.
«Біз осы ауруға шалдыққан қызметкерлерден, сондай-ақ, олардың туыстарынан кешірім сұраймыз», - деді Ким Ки Нам.
Алғаш рет бұл проблема жайлы 2007 жылы айтылған болатын. Сол кезде 23 жастағы қызметкер лейкемиядан қайтыс болған еді. Ал 2018 жылдың қарашасында Samsung зардап шеккен әр қызметкерге 132 мың доллар төлеуді міндеттеген болатын.