Биыл Алматыдан 6 бағытқа қатынайтын жаңа пойыздар іске қосылған

Биыл Алматыдан 6 бағытқа қатынайтын жаңа пойыздар іске қосылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыдан 6 түрлі бағытқа қатынайтын пойыз іске қосылған. Шойын жол арқылы енді тікелей оңтүстік астанадан Түркістанға, Семейге, Қостанайға және Астана секілді ірі қалаларға су жаңа пойыздар жолаушылар тасымалдауда.

Сондай-ақ, ауыр жүк тиейтін вагондар да жаңартылып, тауарды жеткізу уақыты екі есеге қысқарған. Ал Алматыдағы қос теміржол бекетін жөндеу жұмыстары келесі жылы басталып, 3 жылдың ішінде вокзал жаңа кейіпке енді дейді сала мамандары.

Бүгін Түрксіб ауданында Тәуелсіздік күніне орай өткізілген мерекелік шарада теміржол саласында ерен еңбек көрсеткен қызметкерлер марапатталды.

«Алтынкөл, Достық кеден бекеттерінен контейнер тасымалдау екі есе көбейді. Оны жүргізу, жылдам жеткізу – біздің теміржолшылардың міндеті. Бұрын тауар 15-20 күн жүретін болса, қазір 1 аптаның ішінде Еуропаға жетіп жатыр. Оның бәрі осы теміржолшылардың арқасында деп ойлаймын», – деді «Қазақстан теміржолы – Жүк тасымалы» АҚ – «Жүк тасымалы Алматы бөлімшесі» филиалының директоры Бақтыбек МҰХАМЕДЖАНОВ.


Новости партнеров