Ертең қалада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Алматы облысының фермерлері 240 тоннаны құрайтын тауарларын төмен бағамен ұсынады.
«Атакент» көрме орталығының алдынан орын тепкен жәрмеңкеден тұрғындар 1300 теңгеге қой етін, 1500 теңгеге сиыр етін және 610 теңгеге тауық етін сатып ала алады. Сондай-ақ, сатып алушыларға жеміс-жидек, көкөніс, сүт, балық өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады. Жәрмеңке төрт апта бойы әр сенбіде ұйымдастырылып отырады.
«Жыл басынан бастап 430-дай жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге Алматы қаласына жақын орналасқан, Алматы облысы аудандарының тауар өндірушілері келеді. Қарасай ауданы, Жамбыл ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы, Талғар ауданы, Іле ауданы, Ұйғыр ауданы қаламыздағы әр жерде ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелерді тауармен қамтып отыр», – деді Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қанат КӘКЕНҰЛЫ.