2019 жылы Алматы көшелерін жөндеуге қанша қаржы жұмсалмақ?

     2019 жылы Алматы көшелерін жөндеуге қанша қаржы жұмсалмақ?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2019 жылы Алматы қаласының бюджеті 525 миллиард теңгені құрайды.

Қазір қазынада 410 миллиард теңге шамасында қаржы бар. Сонымен, келесі жылы мұндай көлемдегі қаражат қайда жұмсалмақ?

Қалада орташа есеппен 170 шақырым жол жөнделмек. Басқаша айтқанда 300 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, Мәскеу мен Достық метростансаларына да құрылыс жұмыстары жоспарланған. Алматинская көшесі мен Сүйінбай даңғылы және БРТ желісі де жаңартылады. Оған 3 миллиард теңге жұмсалады деп күтілуде. Ал көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстары мен құрылысына шамамен бірдей қаражат жұмсалады. Сонымен қатар, жалпы саны 300 жедел саты ауыстырылмақ. Ақпараттар Алматы қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасынан алынды.


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ 2019 Ж БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЫ

ЖОЛҒА - 11,1 млрд тг

КӨШЕЛЕРДІ ЖАҢАРТУҒА - 3 млрд тг

МЕТРОПОЛИТЕН ҚҰРЫЛЫСЫНА - 10,1 млрд тг

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА - 2,3 млрд тг

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА - 2,2 млрд тг

ЖЕДЕЛ САТЫЛАРДЫ АУЫСТЫРУҒА - 2,1 млрд тг жұмсалады.


Новости партнеров