Қыс қаһарына мінетін уақыт әлі алда. Әсіресе, солтүстік өңірдегі аяз ұзақ уақытқа сақталмақ. Тіпті, теріскейдегі бірнеше облыста ауа температурасы – 35 градусқа дейін жетеді. Ал синоптиктер осы қысқа қандай болжам жасап отыр? Бұл сұрақтың жауабын «Қазгидромет» РМК Ұзақ мерзімге болжау басқармасының жетекші инженері Айгүл Мыңжанова айтып бермек.
– Айгүл ханым, алдағы уақытта республиканың қай өңірінде аяз қатты болуы мүмкін?
– Алдын ала болжам бойынша жылы ауа массаларының жиі енуіне байланысты қаңтар айында еліміздің барлық аймақтарында күн райы айтарлықтай жылы, жауын-шашынды болады. Тек солтүстік-шығыс өңірінде орташа айлық температурасы мөлшер шамасында болады деп күтілуде. Ал қыстың соңғы айына келетін болсақ, ауа температурасы мөлшерден бір градусқа төмен және де жауын-шанын аз болады деп күтілуде.
– Ең суық ауа райы қай аймақтарда тіркеледі? Қай уақытқа дейін созылуы күтілуде?
– Алдын ала болжам бойынша суық антициклонның елімізде барлық аймақтарына ықпал етеді. Салдарынан бірінші, екінші және үшінші онкүндіктердің басында солтүстіс-шығыс өңірлерде сынап бағанасы түнде – 25-30, кей жерлерде - 35 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз – 15-20, кей жерлерде – 25 градусқа төмендейді. Оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде сынап бағанасы түнде – 8-13, кей жерлерде – 18 градус, күндіз – 05-10 градусқа төмендейді.
– Ал Алматыдағы күн райын былтырмен салыстырғанда қандай ерекшелік бар?
– Биылғы және былтырғы қысты салыстыра келе, Алматыда биыл суық ауа массаларының жиіленуіне байланысты бұл өңірлерде суық күндер басым болған. Ал түнде сынап бағанасы – 10 градусқа төмендесе, – 6 градусқа дейін төмендеген.
– Жауабыңызға рахмет.
Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана